Мектепалды даярлық "Балауса" тобы. Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тақырыбы: «Ғажайып бояулар»
Білім беру саласы : «Шығармашылық»
Пән : «Мүсіндеу», «Жапсыру», «Сурет салу»
Мақсаты:
а)Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру ,күзгі табиғаттағы ерекшеліктер туралы түсінік беру. Жапырақтардың түстерінің ауысуы жөнінде түсіндіре отырып, суреттерін көрсету. Балалардың күз байлықтары: көкөністер, жемістер туралы білімдерін кеңейту.
ә)Күзгі ағаштардың суретін салып, балалардың қызығушылықтарын арттыру.
сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің іскерліктерін игерту; балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру, сенсорлық тәрбие беру.балаларды сурет салудың
дәстүрден тыс тәсілдерімен таныстыру. Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерін пайдалана отырып, күзгі ағаштардың бейнесін жасауға үйрету.
б)Балаларды табиғатты сүюге,аялауға, қорғауға тәрбиелеу.Әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу.Мейірімділікке,үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.