№4 Педагогикалық кеңестің хаттамасы » МКҚК " №97 бөбекжай-балабақша"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№97 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 294-95-11
Әдіскер телефоны:
+7(727) 294-95-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №4 Педагогикалық кеңестің хаттамасы
10
сәуір
2019

№4 Педагогикалық кеңестің хаттамасы


№4  Педагогикалық кеңестің хаттамасы


Өткізілген күні:                                                                15.03.2019 ж.

Тақырыбы: «Таным» білім беру саласы бойынша балалардың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін жаттықтыру,табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты арттыру.


Мақсаты:  Танымдық қызмет біліктері мен дағдыларын дамыту,ақыл-ой әрекетінің негізгі жүйесін қалыптастыру.


Күн тәртібі:

  1. №3 педагогикалық кеңес  шешімдерінің орындалуы


     2.     «Таным» білім беру саласы бойынша балалардың ақыл-ой әрекетінің           тәсілдерін жаттықтыру,табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты арттыру мақсатын ұйымдастырылған ашық оқу қызметтерін талқылау.


Әдіскер: Кусаиынова Г.Қ

  1. Кеңес: Сатыбалдиева Сандуғаш Алпысбайқызы «Қарапайым метематикалық ұғымдарды қалыптасытру,сенсорика оқу қызметіндегі әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білу» 


           «Ойын төртінші артық»

Педагог – психолог.Садекова Айгүл


  1. Көрме:  «Таным»білім беру саласы бойынша дидактикалық және үлестірмелі материалдар 







Тыңдалды:


№4  педагогикалық кеңесті балабақша меңгерушісі Курбанкул Утепқызы ашық деп жариялады. Әдіскер Гульмира Қойшыбайқызы педагогикалық кеңестің күн тәртібімен таныстырып өтті. 

  Бірінші мәселе бойынша балабақша меңгерушісі  Курбанкул Утепқызы 

  №3  педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалуы туралы мәлімет берді.


Екінші мәселе бойынша  балабақша әдіскері Кусаиынова Гульмира Қойшыбайқызы «Таным» білім беру саласы бойынша балалардың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін жаттықтыру,табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты арттыру» тақырыбында тақырыптық бақылаудың қорытындысына талдау жасады: «Балабақша ұжымы «Таным» білім беру саласының міндетін және жылдық міндеттемені жүзеге асыруда жұмыс жасауда. Бақылау барысында педагогтардың  зерттеу жұмыстарын оқу қызметі барысында, серуенде және күн тәртібінің басқа да сәттерінде шығармашылықпен әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып  жүргізетіні анықталды.Педагогтар бақылау, әңгімелесу, тәжірибе жасау және дидактикалық ойындарды қолдана отырып балалардың танымдық қызығушылықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда.

Ауа – райының жағдайын анықтап, табиғаттағы маусымдық құбылыстарды бақылау дағдыларын қалыптастырады. Бұндай жұмыстар барлық топтарда, әр топтың жас ерекшелігіне сәйкес жүргізіледі. Топ тәрбиешілеріне мультимедиялық технологияларды қолдану туралы ұсыныс айтылды.»


Үшінші мәселе бойынша ересектер тобының тәрбиешісі Сатыбалдиева Сандуғаш «Балалардың танымдық құзыреттілігін дамыту барысында «Таным» білім беру саласы мен «Әлеумет»  білім беру саласын кешенді ұйымдастырудың ерекшелігі» тақырыбындағы баяндамасын оқып, өзінің іс – тәжірибесімен бөлісті. «Балалардың қызығушылығын арттыруда,  танымдық қабілеттерін дамытуда мақсатым:

-балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту

-қиялдарын ұштау

-тапқырлыққа жетелеу

-қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру.

     Міндеттер

-балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету

-логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру

-балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі (5-6 ж.) балалар заттарды түсіне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарын терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Балалардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, тәрбиешілердің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.»


4. Педагог-психолог Садекова Айгүл балалардың зейіні мен байқағыштықтарын арттыруға арналған бірнеше ойындар мен жаттығулар түрлерімен таныстырды. Педагогтарға ойындар ойнатып, жаттығулар жасатты. 

Көрме: «Таным»білім беру саласы бойынша дидактикалық және үлестірмелі материалдар 



№3 Педагогикалық кеңестің шешімдері:

  1. №3  педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуы қанағаттанарлық.        

2.  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы талаптарын жүзеге асыру жұмыстары осы бағытта жалғастырылсын. Баланың танымдық және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында   жүргізіліп жатқан барлық  жұмыстар қанағаттанарлық деп есептелсін 

                                                         Жауапты: әдіскер: Кусаиынова Г.К.

  1. «Таным»білім беру саласы бойынша дидактикалық және

үлестірмелі материалдардан жасалған көрме қанағаттанарлық деп есептелсін,материалдар жинағы толықтырылсын.