«Қош келдің жаңа жыл!»
«Қош келдің жаңа жыл!»
Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстыру, жаңа ән айтқызу, қыс ерекшелігімен таныстыру.
Кейіпкерлер: Аяз ата, ақшақар.Сайқымазақ.
Жүргізуші:Сәлеметсіңдер ме балалар біз бүгін жаңа жыл мейрамын тойлағалы отырмыз сендер өте әдемісіңдер бүгін, ал ендеше кешімізді әнмен бастайықшы.
Ән: «Кішкентай шырша»
Жүргізуші:Ал, балаларқалай ойлайсыңдар жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетіспей тұр деп ойлайсыңдар.
/Балалар: Аяз ата ,ақшақар/
Дұрыс айтасыңдар, қанекей бәріміз аяз атамызды шақырайықшы,аяз атамыз қария ата болғаннан кейін, дауысымызды қатты шығарайық.
Аяз ата, ақшақар,аяз ата, ақшақар./3 рет/
Ортаға аяз атамен ақшақар кіреді.
Аяз ата:
Құтты болсын, балалар,
Келген жаңа жылдарың.
Өткен жылы келіп ем
Бәріңдіде көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемдіде беріп ем!
Ақшақар:
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін,жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші:Ал балалар ендеше Аяз атаға би билеп берейік бірге.
Би: «Аяз ата»
Аяз ата: балалар, маған шыршаның шамын жағуға көмектесесіңдер ме?
Бір,екі, үш,
шырша шамы жарқырай түс
Қандай тамаша !
Ғажайып сәт: Ортаға жаңа жыл кіріп келеді,бәрі аң-таң, ой сен қайдан жүрсің,
-биыл менің жылым келеді,
мен доңыз жылымын
мен жап жаңа жылмын,
таңғы шықтай нұрмын.
Қош келдің жаңа жыл,сен бізге табысты,берекелі жыл болғайсың!
Балалар,біз сендермен келген жаңа жылымызға арнап ән шырқап берсек .
Ән: «Шырша»
Ортаға сайқымазақ кіреді.
-Балалар, сендер ойнағанды жақсы көресіңдер ме, қыс мезгілінде не жауады?
/балалардың жауабы:қар жауады./
-дұрыс қар жауады біз қазір қар жинау ойынын ойнайықшы.
Ойын: «Қар жина»
Ақшақар: Менің қыздарым қайда екен шыршаға арналған билері бар еді.
Би: «Шырша»
Аяз ата: жарайсыңдар менің кішкентай балапандарым,сендер шеттеріңнен өте өнерпаз,ақылды ,сүйкімді өте жақсы балалар екенсіңдер!
Біздің кететін уақытымыз да таяп қалған екен
Тәрбиеші:Аппақ аяз атамыз, сіздер кетпес бұрын балалармен қосылып бәріміз бір тамаша би билесек деп қолқа салғым келеді.
Ақшақар:
Ой алақай,тамаша
Би билейік ортада,
Аяз ата көңілді
Томпаң қағып жүреді.
Көңілді би:«Топ топ»
Аяз атаның қоштасу сөзі:
Ал енді сау болыңдар
Биші,әнші балалар,
Мына қапшық ішінде
Арналған тәтті сыйым бар.
Аяз ата кетеді,
Келер жылы келем деп
Уәдесінде береді!
Ал,қызым сен мына тәттілерді өзің үлестіріп бере ғой,біз кетттттііііііікккккк!
Міне,балалар аяз-атамыз сендерге риза болып кетті.
Жарайсыңдар балалар,өте керемет өнер көрсеттіңдер.
/Ал енді келіңдер мен сендерге сыйлық беремін/
МКҚК «№ 97 б/балабақшасы»
«Қош келдің жаңа жыл»
1-кіші «Айналайын» тобы
Орындаған тәрбиешілер: Қалдан А.
Тақырыбы: «Әз наурыз құтты болсын»!
Мақсаты: Мерекелік көңіл күйін құру.
Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беріп және Ұлттық ойындармен таныстыру.
Жүргізуші: Армысыздар Аяулы ұстаздар ата-аналар
Сәлеметсіңдерме балалар сендер бүгін қандай әдемісіңдер
Киімдерің қандай әдемі ал ендеше балалар наурыз мерекесін тойлауды бастайық.
Ортаға қонақтар кіреді:
Әже,Ата,Алдар көсе.
Сәлеметсіздер келіңіздер біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.
Кезекті жыр шумақтарына берейік.
Тақпақ:
Сұлтан
Бата беріп атамыз
Бата беріп апамыз
Дәмді болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз.
Бегарыс
Балдай тәтті сары уыз
Алып келдім алыңыз
Менің атым наурыз.
Раяна
Балдай тәтті сары уыз
Менің атым наурыз.
Усман
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне.
БИ:
Ұлдар қамшымен
Ән:
Көктем.
Ойындар:
Ұлттық дәсүріміздің бірі Тұсау кесер көрсетеміз.
Және балалармен ұлттық ойындар ойнау күрес ойыны және асық ату
Әжемізбен қуырмаш ойынын ойнау.
БИ:
Қыздар кесемен би
ӘЗ
НАУРЫЗ
Орындаған: Қасымбаева Анар
2019 ж