қазақ тілін оңай үйрену жолы- Tilqural.kz » МКҚК " №97 бөбекжай-балабақша"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№97 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 294-95-11
Әдіскер телефоны:
+7(727) 294-95-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » қазақ тілін оңай үйрену жолы- Tilqural.kz
20
маусым
2022

қазақ тілін оңай үйрену жолы- Tilqural.kz

Қазақ тілін үйренуге бағытталған: 

https://abai.institute/ https://tilqural.kz/ 

https://tilmedia.kz/ http://balatili.kz/ 

Сөздік қорын байытуға арналған 

https://emle.kz/ https://termincom.kz/

 https://sozdikqor.kz/ https://qazcorpora.kz/ 

Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген: https://qujat.kz/ 

Еліміздегі латын графикасына көші үдерісін сүйемелдейтін

 https://www.qazlatyn.kz/ Жер-су атауларына байланысты

 https://atau.kz/ 

Тіл саласына қатысты: https://tilalemi.kz/


Tilqural.kz порталы - бірегей жүйе қалыптастыру тетігі, қазақ тілін үйренуге бағытталған тиімді технологиялар жиынтығы.

Тіл үйренуші tilqural.kz порталына тіркелу арқылы қазақ тілін өз бетінше А1, А2, В1 деңгейінде үйренуге мүмкіндік алады. Қарапайым деңгейде 24 сабақты тыңдап, тапсырмаларын орындаса, базалық деңгей 14 сағаттық дәріске лайықталған. Орта деңгейді игеру үшін де бар-жоғы 14 сабақты меңгеру жеткілікті. Тіл үйрету техникасы оқу, көру, есту дағдыларына сай жасалған. Тапсырмаларда берілген бейне, аудио, видеолар тіл үйренушінің қызығушылығын арттырып, ынтасын жоғарылатады. Себебі порталда түрлі тақырыпқа сай қызықты ақпараттар мен тапсырылмалар топтастырылған. Сонымен қатар Tilqural.kz порталы тіл үйренушілермен қатар оқытушыларға да көмекші құрал қызметін атқарады. «Оқулықтар» бөлімінде тіл үйретуге арналған түрлі деңгейдегі әдістемеліктер берілген.
- Tilqural.kz порталына ағымдағы жылы В2, С1 деңгейлері қосылады. Видео тапсырмалар әзірленіп, «мәтіндер», «фразалар» бөлімдерімен толықтырылатын болады,- дейді курс жүргізушісі, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы М.Бақытқызы.
Курс соңында тыңдаушылар портал құрылымы, тапсырмалар мен үйрету технологиясына жақсы баға беріп, жетілдіруге бағытталған ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сонымен бірге аймақтардағы оқу орталықтары осындай әдістемелік көмекші құралдар әзірлеуге көмектесуді сұрады. «Тіл-Қазына» орталығы мүмкіндігінше қолдау көрсетіп, қажетті ақпараттармен бөлісетіндіктерін жеткізді.
Айт кетейік, «Tilqural.kz» порталдың кирилл және латын нұсқасындағы мобильді қосымшалары іске қосылған. Яғни портал кез келген жерде қазақ тілін кедергісіз үйренуге мүмкіндік жасайды.