Спорт біздің досымыз- денсаулық күні. Мақсаты: Балаларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру.
Жүргізуші:
Спорт деген азанда
Алады да тұрғызып,
Еріншіктік аз онда
Бастайды ойын бір қызық дей тұрып бүгінгі «Спорт біздің досымыз» атты жарысымызға қош келдіңіздер. Сіздерді денсаулық күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, жүздеріңізге әрдайым күлкі және де мықты да күші болып өсе берулеріңізге тілектеспіз деп ортаға екі топты шақырамыз.
«Жігер» тобы
«Қайрат» тобы.
Екі топ бірге жаттығу жасау.
«Жігер» тобының ұраны
Біз жігерленіп жанамыз,
Жарыстарда әрқашанда озамыз.
«Қайрат» тобының ұраны
Қиындыққа төтеп берер
Біз боламыз мықты топ
Бүгінгі жарысымыз бес бөлімнен тұрады.
«Кім жылдам» Ойын шарты: бала допты алып кеглилер арасымен жүгіру арқылы айналып келіп келесі ойыншыға допты беру.
«Кім епті» Ойын шарты: екі бала қарама қарсы тұрып, допты іштеріне қойып, қолдарын артына ұстап, түсірмей жүріп, кеглиді айналып өту.
«Секіргіш» Ойын шарты: үрілген үлкен доппен секіріп кеглиді айналып өту.
«Кедергіден өту» Ойын шарты: бала еңбектеп барып, құрсаудан өтіп, жылдам қайту.
«Кенгуру» Ойын шарты: бала қапты аяғына киіп алып, қос аяқпен секіру.
ҚО: «Тізбектел»
Жарқын шаттық заман болсын,
Бүлдіршіндер аман болсын.
Сыйластықпен бірлік болып
Әрқашанда орта толсын. дей отырып бүгінгі денсаулық күніне арналған жарысымыз аяқталды.
«Спорт біздің досымыз»
(денсаулық күні)