МКҚК № 97 бөбекжай-балабақшасында "Ана тілім-тірегім"атты мерекелік іс-шара болып өтті.Балаларды өз тілін құрметтеп орыс және ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын арттыру » МКҚК " №97 бөбекжай-балабақша"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№97 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 294-95-11
Әдіскер телефоны:
+7(727) 294-95-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МКҚК № 97 бөбекжай-балабақшасында "Ана тілім-тірегім"атты мерекелік іс-шара болып өтті.Балаларды өз тілін құрметтеп орыс және ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын арттыру
22
қыркүйек
2020

МКҚК № 97 бөбекжай-балабақшасында "Ана тілім-тірегім"атты мерекелік іс-шара болып өтті.Балаларды өз тілін құрметтеп орыс және ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын арттыру

Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған "Ана тілім-тірегім" атты мерекелік іс-шара 

Мақсаты: Балаларды өз тілін құрметтеп орыс және ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын арттырып, Қазақстан Мемлекетінде тұрған халықтарды татулыққа және сабырлы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер, теледидар, бейнеслайдтар, автобус.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, тапсырмаларды орындау.

Қостілдік компонент: «Өз үйім – өлең төсегім», «East or west, home is the best».



Балалармен үш тілде амандасу. Сәлеметсізбе – здравствуйте - good morning! (балалар үш тілде амандасады).

Балалар мен сендермен үш тілде амандастым. Біздің ғаламшарда қанша ұлт тұрады, сонша да тіл бар, әр ұлттың ана тілі бар.

Сабағымызды әнұраннан бастаймыз.

Балалар бүгін тіл мерекесі. Бұл мерекені елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 22 қыркүйек тіл мерекесі деп аталып өтілсін деген. Яғни  1997 жылы 22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының тіл туралы зыңында бекітіліп қабыданған.

Балалар үш тілде өлең оқиды. 

Султан:

Ана тілің біліп қой

Еркіндігің теңдігің

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың елдігің

Хафиза:

Ана тілі ұраным

Ана тілі құралым

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым

Мадина:

Наш Казахстан – наш край родной

Живём мы здесь большой семьей

Здесь родные и друзья

Учителя дают нам знанья!

Ахмет:

Kazakhstan is the name of the country

Kazakhstan is the name of the spring

Kazakhstan is my motherland

Балалардың орындауын ағылшын тілінде ән. «Finger Family»

Балалар үш тілде өлең оқиды.

Жігер:

Ана тілі арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

Алинур:

Хотим мы знать, читать, писать

Ну и конечно поиграть

Здесь садик милый мой большой

Казахстан мой дом родно

Нұрали:

London bright is fallen down 

Fallen down, fallen down

London bright is fallen down 

My fair lady

Бәріміз бейбітшілікте, татулықта және сабырлыққа тұрсақ, әр халықтың мәдениеті дамып салт дәстүрлері сақталынады. Әр халықтың өзінің ұлттық ойыны бар. Біздің, яғни қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі «Тақия тастамақ». Балалар ойын ойнайды.

Балалар үш тілде өлең оқиды.

Изабелла:

Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың

Ибраим:

Я казах в степи рожден

Знойным солнцем ополён

Встречаю новую зарю

Как беркут гордый ополён

Виктория:

Rain, rain go away

Come again another day

Little Johnny

Want to play

Ади:

Spring is green

Summer is bright

Autumn is yellow

Winter is white

Балалар әр ұлттың өзінің ана тілі бар, ұлттық тағамы бар, ұлттық ойыны бар және ұлттық биі бар. Ендеше балалардың орындауында қазақтың ұлттық биі «Қамажай».

Музыка әуенімен Робот келеді.

Робот : Сәлеметсіздерме – Здравствуйте – Good morning!

Балалар үш тілде амандасады.

Мен Роботпын, менің атым Оптимус сендерге арналған бірнеше сұрақтарым бар, мына қызыл тетікке басыңыз. 

Балалар кезекпен тетікке басады.

Робот Оптимус: 1-ші сұрақ: Бүгін қандай мереке?

Балалар: Бүгін тіл мерекесі.

Робот Оптимус: 2-ші сұрақ: Балалар сендер неше тілде сөйлей аласыңдар?

Балалар: Үш тілде, қазақ, орыс, ағылшын.

Робот Оптимус : 3-ші сұрақ: Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Балалар: Астана.

Робот Оптимус: Музыкалық үзіліс.

Балымның орындауында ән «Астана»

Робот Оптимус: 4-ші сұрақ: Үш тілде қалай қоштасамыз?

Балалар: Сау болыңыз – до свидания – good bye!

Робот Оптимус : Балалар сендер өте ақылдысыңдар. Үш тілде жақсы сөйлейсіңдер, менің көзім жетті. Ендеше балалар мен үйіме оралайын. Сау болыңыз – до свидания – good bye!

Балалар осымен тіл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

Балалардың орындауында ән «Қазақстан».