МКҚК «№97 бөбекжай-балабақшасының» «Аманат» бастауыш партия ұйымына қабылдау «Нұр Отан» партия мүшелерінің отырысының хаттамасы № 2 » МКҚК " №97 бөбекжай-балабақша"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№97 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 294-95-11
Әдіскер телефоны:
+7(727) 294-95-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МКҚК «№97 бөбекжай-балабақшасының» «Аманат» бастауыш партия ұйымына қабылдау «Нұр Отан» партия мүшелерінің отырысының хаттамасы № 2
27
қыркүйек
2019

МКҚК «№97 бөбекжай-балабақшасының» «Аманат» бастауыш партия ұйымына қабылдау «Нұр Отан» партия мүшелерінің отырысының хаттамасы № 2

 «23»  09. 2019 ж.

Қатысқандар: 22


Күн тәртібі:

  1. «Аманат» бастауыш партия ұйымы МКҚК  «№97 бөбекжай-балабақшасы»  "Нұр Отан" партиясы мүшелерінің арасында Қазақстан респубикасының президенті Қасымжомарт Тоқаевтың 02.09.2019 ж. Халыққа арналған жолдауымен таныстыру.


  1. Тыңдалды: БПҰ-ның төрайымы Смагулова Гульхан Махметовна сөз алды:
  2. Еліміздің президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деген тақырыппен халыққа жолдау ұсынды.  Еліміздің өркендеуі мен дамуы болашақ жастарымыз, елі мен жері үшін қызмет ететін азаматтарымыздың  қолында екенін ашып айтты. Ендеше тәрбиенің бастауы балабақша болғандықтан, саналы ұрпақ тәрбиелеуге барымызды сала жұмыс жасауға шақырамын. Президент өз жолдауында педагогтардың жалақысын өсіретінін баса назар аудара айтты. Сонымен қатар жастардың,  мемлекеттік қызметкерлердің, көп балалы ата-аналардың баспаналы болуына айрықша тоқталып кеткені біз үшін үлкен қуаныш болды .


            Партия мүшесі «№ 97 б/б»  тәрбиешісі Аргинбаева К.С сөз алды :

Тоқаев: Ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын

Мемлекет басшысы ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын жеткізді.

"Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі", - деді ол.

   Ендеше құрметті әріптестер, елімізге адал қызмет жасауға шақырамын 


Тәрбиеші Лаханова Г.Ф.: 

  • Қазақстан президенті үкімет мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен өңірлердің, мемлекеттік компаниялардың және мекемелердің басшыларына тиісті реформаның жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілік жүктелетінін мәлімдеді.

Қ.К.Тоқаев осыған байланысты, жақында тиісті Жарлыққа қол қойғанын тілге тиек етті.

Мемлекет басшысы: Әрбір министрде және әкімде нәтижелі жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің тізімі болуы тиіс. Қ.К.Тоқаев реформаны тек реформа үшін жүргізуге жол берілмейтінін, атап өтті.

Оның сөзінше, әрбір министрде және әкімде нәтижелі жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің тізімі болуы тиіс.

Қазақстан президенті сол арқылы олардың нақты мақсатқа қол жеткізу деңгейі анықталатынын білдірді.

  Қ.К.Тоқаев жергілікті жерлерде шенеуніктер халыққа "жабық" саясат ұстанатынын айтты

Мемлекет басшысы көп жағдайда халық тікелей президентке шағымдануға мәжбүр екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша жергілікті жерлерде шенеуніктер халыққа "жабық" саясат ұстанады.

Қ.К.Тоқаев сол себепті президент әкімшілігінде азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдар қарау деңгейінің сапасын бақылайтын арнайы бөлім ашылғанын тілге тиек етті.

Қазақстан президенті: Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын

Тоқаев қазіргі уақытта бізге тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалына кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын атап өтті.

"Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлауалды бағдарламамның негізі болды. Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын", - деді Қ.К.Тоқаев.

Қ.К.Тоқаев мұғалімдердің жалақысыда  жайлы сөз қозғады.

Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырғанын жеткізді.

"Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы азаматтық қоғамға қолдау көрсету қажеттігі туралы мәлімдеді

"Азаматтық қоғамға қолдау көрсету керек, халықты жалпымемлекеттік өзекті тапсырмаларды талқылауға тарту керек. Сол үшін де Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды", - деді Қ.К.Тоқаев.

Ол келелі мәселелер көшеде емес, парламентте шешілуі тиіс екенін қадап айтты.

"Алда болатын мәжіліс және мәслихат сайлауы елді көппартиялы жүйеге әкелуі тиіс", - деді презиедент.


Қазақстан президенті: Ұлттық компаниялардың жұмысшылар санын 25 пайызға қысқарту керек.

Қ.К.Тоқаев мемлекеттік қызметкерлердің сапасын арттыру үшін олардың қатарына жас даярланған мамандарды тарту қажеттігін білдірді.

Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер санын біртіндеп қысқартуға көшеді. 

"Одан босаған қаржыны  пайдалы қызметкерлерді материалдық тұрғыда ынталандыруға бағыттаймыз. 2024 мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың жұмысшылар санын 25 пайызға, яғни төрттен біріне қысқарту керек", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы жер мәселесі туралы мәлімдеді

"Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді", - деді президентіміз.

Ол бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керектігін ескертті.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – міндетіміз екенін жеткізді.

Әдіскер Кусаиынова Г.К.: 

Қазақстан президенті митингтер туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес, азаматтар өз ойын еркін білдіру құқығына ие болып табылады.

"Егер ондай акциялар заң мен азаматтардың тыныштығын бұзбайтын болса, қолдау білдіріп, заңда көрсетілген тәртіп бойынша митинг өткізуге рұқсат берілу керек. Ол үшін арнайы орын бөлу қажет", - деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті шикізатқа байланған менталитеттен бас тарту туралы жеткізді. Мемлекет басшысының сөзінше, шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру.

Ол "Білім экономикасы", еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналғанын алға тартты.

Тоқаев қылмыстарға қатысты жазалау шаралары туралы мәлімдеді

Қазақстан президенті жедел түрде сексуалды зорлық, подофилдер мен есірткі таратушылар, адам саудасы, әйелдерге тұрмыстық зормбылық көрсету, жеке тұлғаға қатысты қылмыстар, оның ішінде балаға қатысты қылмыс жасаушыларға жазаны күшейту керектігін айтты.

Тәрбиеші Шермаль С.В .:

  • Мемлекет басшысы қазақ  халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеу туралы айтты

"Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әр алуандығында!" - деді Қ.К.Тоқаев.

Президентіміз тіл мәселесі туралы да сөз қозғады

"Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Назарбаев моделі туралы айтты

"Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр", - деді Қ.К.Тоқаев.


Қорытынды: 

МКҚК  «№97 бөбекжай-балабақшасының»  «Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалының  «Аманат» бастауыш партия ұйымында президенттің жолдауы талқыланып, таныстырылды. 


«Аманат» бастауыш партия ұйымының төрайымы ______ Смагулова Г.М 


«Аманат» бастауыш партия ұйымының хатшысы ______ Шермаль С.В.




  • Еліміздің президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деген тақырыппен халыққа жолдау ұсынды.  Еліміздің өркендеуі мен дамуы болашақ жастарымыз, елі мен жері үшін қызмет ететін азаматтарымыздың  қолында екенін ашып айтты. Ендеше тәрбиенің бастауы балабақша болғандықтан, саналы ұрпақ тәрбиелеуге барымызды сала жұмыс жасауға шақырамын. Президент өз жолдауында педагогтардың жалақысын өсіретінін баса назар аудара айтты. Сонымен қатар жастардың,  мемлекеттік қызметкерлердің, көп балалы ата-аналардың баспаналы болуына айрықша тоқталып кеткені біз үшін үлкен қуаныш болды .